Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысы Полиция департаментінде оқушыларға арналған ашық есік күні өтті

Қызылорда облысы Полиция департаментінде облыстық девиантты мінез-құлықты балаларға арналған интернаттың оқушылары мен тәрбиешілеріне арналған ашық есік күні өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz

Қазақстан Республикасы Президентімен жарияланған “Балалар жылы” және “Ашық есік күн” атты акциясы аясында бүгін Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен облыстық девиантты мінез-құлықты балаларға арналған интернаттың оқушылары мен тәрбиешілері департаменттің мұражайы мен Жедел басқару орталығына экскурсия жасады.

Іс-шараның мақсаты – кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру, отбасылық және адамгершілік-рухани құндылықтарын насихаттау, азаматтардың ішкі істер органдарына сенімін арттыру, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды полиция жұмысымен таныстыру және қауіпсіздік шараларына үйрету.

Мұражай қызметкері балаларды жылы шыраймен қарсы алып, жыл сайын толығып жатқан экспонаттарымен және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде аянбай қызмет жасаған ардагерлер туралы сақталған мәліметтерімен таныстырып, мол мағлұмат берді. Бүгінгі іс-шараға қатысқан оқушылармен “Полиция – дос және қорғаушы” тақырыбында әңгіме жүргізілді. Олар өз сауалдарын қойып, арнайы мамандардан толыққанды жауаптарын алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру