Шардаралық тұрғын жоғалған сиырын тауып берген полицейлерге алғыс айтты
Шардаралық тұрғын жоғалған сиырын тауып берген полицейлерге алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz
Шардара АПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғын жайылымдағы бір бас сиырының жоғалғаны туралы арызданды. Арызданушы алғашқыда өзі іздеген. Алайда одан еш нәтиже болмаған соң полицейлерден көмек сұрайды. Бұл жайт аудандық полиция бөлімінде тіркеліп, жоғалған сиырды іздеу жұмыстары жүргізілді. Тәртіп сақшылары бірнеше мобильді топтарға бөлініп, жақын маңдағы барлық аумақтарды аралап, ауыл тұрғындарымен сұхбат жүргізді, базарлар мен мал тасымалдайтын автокөліктерді тексерді.
Жедел шаралар нәтижесінде, бірнеше күннен кейін Шардара АПБ-ның полицейлері жоғалған ірі қара малды 30 шақырым жерде орналасқан жайылымнан тапты. Табылған сиыр заңды иесіне қайтарылды.
– Мен бір бас сиырымды жоғалтып, Шардара ауданының полицейлерінен көмек сұрадым. Олар бірден сиырымды іздей бастады және оны тапты. Барша полиция қызметкерлеріне алғысымды білдіргім келеді. Сіздерге үлкен рақмет, – деді ауыл тұрғыны.