Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысында сотталғандарға “Өмір жолы” деректі фильмі көрсетілді

Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ГМ-172/10 мекемесінде экстремизм және терроризм баптарымен сотталғандарға мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұловтың “Өмір жолы” деректі фильмі көрсетілді, – деп хабарлайды Polisia.kz

Теологиялық оңалту жұмыстарының ұйымдастыру тобының инспекторының айтуынша, осындай қазақтың тұлғаларының өмір жолы деректі бейнефильмдері экстремизм және терроризм бабымен сотталғандарға аптасына бір реттен кем емес көрсетіледі.

– Тарихқа көз жүгіртсек, қазақ халқының біртуар азаматы Тұрар Рысқұлов 1894 жылы 26 желтоқсанда Жетісу облысы, Верный уезі Шығыс Талғар болысында дүниеге келген. Тұрардың өмір жолына қатысты басқа дерек те бар. Қызы Сәуле Тұрарқызының айтуынша, жетімдік пен кедейлік қамытын ерте киіп, әділетсіздік көрген әкесі әдейі жасын екі жылға үлкейтіп алғанын айтады. Яғни, Тұрар 1896 жылы туған. Тұрар Рысқұловтың өмірімен танысқан сотталушылар қазақтын осындай мемлекет қайраткерлерін жақынырақ танып, қазақ елінің дамуына үлесін қосқанына риза болып, алған әсерлерімен бөлісіп, ризашылықтарын білдірді. Осындай қазақтың танымал тұлғаларының өмір жолдарымен танысу әлі өз жалғасын табады, – деп айтып өтті мекеме теологы Серік Булатбеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру