Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Байқоңыр полицейлері жаңа технологияларға өтуде

Байқоңыр полицейлері жаңа технологияларға өтуде, – деп хабарлайды Polisia.kz

ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің жедел-криминалистикалық бөлімшесі мульти-модальді IDEMIA атты жаңа платформасына ауысуда. Аталған бағдарламалық жасақтама тұлғаларды биометриялық сәйкестендіруді, тануды және басқа да қауіпсіздік қызметтерін ұсынады.

IDEMIA технологиясы автоматтандырылған өңдеу көмегімен биометриялық ақпаратты теңестіруді, сондай-ақ құқық қорғау органдарының және басқа да мемлекеттік қызметтердің сарапшы-мамандарына қол саусақ және алақан іздерін оқиға болған жердегі іздермен сәйкестендіруге мүмкіндік береді.

IDEMIA технологиясын меңгеру бойынша іс жүзінде тәжірибе алу үшін өкілдіктің жедел-криминалистикалық бөлімшесінің қызметкерлері ЖШС “KRAFT ENGINEERING” және ҚР ІІМ Жедел-криминалистикалық департементімен бірлесіп бағдарламалық жасақтамамен жұмыс істеу бойынша оқу курсынан өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру