Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда такси жүргізушісіне шабуыл жасаған күдіктілер қолға түсті

Қарағандыда такси жүргізушісіне шабуыл жасаған күдіктілер қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

30 шілде күні түнгі сағат 24.00 шамасында Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөліміне Ермеков көшесінің бойындағы сауда нүктелірінің бірінде такси жүргізушіге шабуыл жасалды деген хабарлама түсті. Оқиға орынына бірден жедел-тергеу тобы жіберілді.

Жәбірленуші 34 жастағы такси жүргізуші жедел-тергеу тобы қызметкерлеріне белгісіз екі адамды бір нүктеден келесі нүктеге апарғанын, кейін жол ақысын төлеуге келген кезде белгісіз екеу оған күш көрсетіп, соққы жасап, тапқан 34 мың теңге ақшасын алып, өзін көлктен түсіріп, көлігін алып кеткені туралы хабарлаған. Оған келтірілген шығын көлемі 6 млн 124 мың теңгені құрады.

Такси жүргізуші полиция қызметкерлеріне күдіктілердің бет-бейнесін суреттеп берді. Сондай-ақ, ұсталып жатса түрлерін танитындығын айтқан.

Қылмысты ашу бойынша жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында патрульдік полиция полкінің қызметкерлері шабулдаушылар мініп кеткен көлікті тапты.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 1 тамыз күні осы іске қатысы бар деген күдікпен 22 және 33 екі азамат ұсталды. Олар мойындау көрсетпе белгілерін берді. Айғақ заттар тәркіленіп, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру