Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысы Полиция департаментінің 120 қызметкері марапатталды

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай Қызылорда облысы Полиция департаментінің 120 қызметкері марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай 120 полиция қызметкері, оның ішінде 12 ардагер марапатталды.

Бүгінде қазақ жерінде 130-дан астам ұлт өкілдері ашық аспан, бейбітшілік пен тұрақтылықта тең құқылы өмір сүруде, бұл өз кезегінде қоғамдық тәртіп пен заңдылықты сақтау, сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында атқарып жатқан полиция қызметкерлерінің де еңбектерінің жемісі.

Осыған байланысты полицияның қызметтік міндеттерін адал атқарып, жұмыста жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген қызметкерлер Ішкі істер министрінің бұйрығымен және Департамент бастығының құзырымен марапаттарға ие болды.

Атап айтқанда Ішкі істер министрінің бұйрығымен “Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін” медалімен Анықтау басқармасының бастығы Әлтай Нұрсұлтан, Жылдам қимылдау жасағының командирі Алин Куаныш наградталды.

Сонымен қатар ІІ-дәрежелі “Ішкі істер органдарының үздігі” төсбелгісімен Күзет қызметін бақылау бөлімінің аға инспекторы Нағашыбай Жалғасбаев марапатталды.

Департамент бастығының бұйрығымен “Грамотамен” Штаб-басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Нургуль Машрапина, Жергілікті полиция қызметі басқармасы патрульдік полиция ротасының қызмет инспекторы Нурмухамед Мусалимов, “Алғыс хатпен” Штаб-басқармасының кезекші-инспекторы Бахытжан Жумабаев, Жедел-криминалистика басқармасының бас криминалисті Аян Қошқаров, Әкімшілік полиция басқармасының инженері Дархан Ерболатов марапатталды.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Бектөре Сұлтан Бектөре жеке құрамды және ардагерлерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесімен құттықтап, қызметтік міндеттері мен Анттарына адал болуды, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен заңдылықты сақтау жолындағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру