Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры арнаулы атағын алды
Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры арнаулы атағын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгін Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Бектөре Сұлтан Мемлекет басшысының “Жоғары әскери және арнайы атақтар, сыныптық шендер және біліктілік сыныптарын беру туралы” Жарлығы бойынша полиция генерал-майоры арнаулы атағын алды.
Бектөре Сұлтан Қызылорда облысының Полиция департаментін 2019 жылдың шілде айынан бастап басқарып келеді.
Салтанатты рәсім барысында Мемлекет басшысы қатысушыларды Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтап, жоғары мемлекеттік марапаттардың жаңа жігер беретініне сенім білдірді.
Осы ретте Қызылорда облысы Полиция департаментінің жеке құрамы департамент бастығы Бектөре Сұлтанды полиция генерал-майоры арнаулы атағын алуымен құттықтады.