Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық ҚАЖД-да мерекелік іс-шара өтті

Елордалық ҚАЖД-да мерекелік іс-шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мерекелік іс-шараның ашылу сәті Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранымен және Ұлы Отан соғысында қаза тапқан батырларымызды еске алу үшін бір минуттық үнсіздік жариялаумен басталды.

Ардагерлер назарына ҚР Ішкі істер министрі М.Ахметжановтың құттықтау видеожолдауы көрсетілді. Іс-шара Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаменті бастығы Даулет Борамбекұлының құттықтау сөзімен жалғасты.

– Бүгінгі және болашақ ұрпақтың есінде соғысқа қатысушылар әрдайым есте қалатынына, олардың өз Отанына және туған жеріне деген шексіз махаббатының жоғалмайтынына, ІІО қызметкерлері Отан қорғаушыларды әрдайым еске алыпдәстүрді әрі қарай жалғастыратынына, өздерінің қызметтік және әскери міндеттерін абыроймен атқаратынына кәміл сенемін. Бәріңізге зор денсаулық, бақыт, тыныштық пен бейбіт өмір тілеймін, Отанымыз үшін адал, абыроймен қызмет етулеріңізге тілектеспін, – деп өз құттықтау сөзін аяқтап, ардагерлер мен қызметте өздерін жақсы жағынан көрсеткен қызметкерлерді марапаттады.

ҚР Ішкі істер министрінің құқығымен департаменттің қызметкерлері “Қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін”медалімен, “Қылмыстық-атқару жүйесінің үздігі” төс белгісімен, құрмет грамотасымен, ҚАЖ комитетінің төрағасының құқығымен алғыс хатпен марапатталды және де Нұр-Сұлтан қаласы әкімі құқығымен, Байқоныр ауданы әкімі құқығымен, департамент бастығы Д.Рақымбековтың құқығымен бірқатар ардагерлер мен департамент қызметкерлері марапатталды.

Сонымен қоса, Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай белсенді түрде бірлесіп қызмет атқарғаны үшін департамент бөлімшелерінің және пробация қызметінің қызметкерлері ҚР ҰҚК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің бастығы Ұлттық қауіпсіздік А.Төлеуовтың құқығымен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру