Қызылорда облысында ауыл тұрғындарынан тіркелмеген қару тәркіленді
Қызылорда облысында ауыл тұрғындарынан тіркелмеген қару тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
7 қыркүйек күні сағат 18:30 шамасында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызмет басқармасының патрульдік полиция ротасының инспекторлары Шымкент-Самара тас жолының 1649-1650 шақырымы Төребай би ауылының тұсында 34 жастағы Жосалы кентінің тұрғынының басқаруындағы УАЗ автокөлігін тоқтатқан.
Тексеру барысында жүргізушіге тиесілі ІІО тіркеуде жоқ, 16 калибрлі, екі ұңғылы, нөмірсіз аңшы мылтығы және 57 жастағы жолаушысына тиесілі ІІО тіркеуде жоқ, екі ұңғылы, 16 калибрлі, аңшы мылтығы мен бес дана оқ дәрілерін заңсыз тасымалдағаны анықталды.
Анықталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 482-бабының 1-бөлігімен (Iшкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, сол сияқты электрлі қаруды, үрлемелi қуаты 7,5 Джоульдан жоғары, калибрi 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау) әкімшілік хаттамалар рәсімделіп, сотқа жолданады.