Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан полицейлері кезекті рет құжатсыз мал тасымалдаған тұрғынды ұстады

Түркістан полицейлері кезекті рет құжатсыз мал тасымалдаған тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің полицейлері мал ұрлығының алдын алу мақсатында, мал және ет өнімдерін тасымалдауды қатаң бақылауға алған. Яғни ауданның маңызы бар жолдары бойына посттар қойылып, төрт-түліктің құжаттары жіті тексерілуде. Осындай рейдтік шара барысында сарыағаштық полицейлер “Газель” маркалы автокөлігімен мал артып бара жатқан тұрғынды тоқтатты. 

Тексеру барысында автокөліктің жүк салғышында екі бас жылқы және бір бас бұзаудың бары анықталды. Газел көлігінің жүргізушісі ірі-қараларды тиісті құжаттарсыз тасымалдағаны белгілі болды. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабы (Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу) бойынша тіркеп, іс-құжаттар жинақталып, заңды шара қолдану үшін Сарыағаш қалалық аумақтық ветеринария инспекциясына жолдады. Өз кезегінде полицейлер тұрғындарға заңсыз тасымалдаулар, белгіленбеген орындарда малды сою, ен-таңбалары жоқ малдарды саудаға салу деректерін болдырмау мақсатында, атқарылып жатқан жұмыстар жалғаса беретінін ескертеді. Сондықтан малды қараусыз жібермей, бақташы жалдауға, уақытылы ен-таңбаларын салдыртып, құжаттандыруға кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру