Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда жалдамалы пәтерде жезөкшелікпен айналысқан 6 әйел анықталды

Атырауда жалдамалы пәтерде жезөкшелікпен айналысқан алты әйел анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Республика көлемінде жүріп жатқан “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде учаскелік полиция инспекторлары Авангард ықшам ауданында орналасқан көпқабатты үйлердің жалдамалы пәтерлерінен жеңіл жүрісті алты әйелді анықтады.

Аталған әйелдер Шымкент, Қарағанды, Қызылорда, Алматы қалаларынан келгендігі және өздері жалдап тұрып жатқан пәтерде тіркеусіз тұрып жатқандықтары белгілі болды.

Олардың барлығы ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабымен (Қазақстан Республикасы азаматтарының күнтізбелік он күннен бір айға дейінгі мерзімде жеке куәлiксiз немесе жарамсыз жеке куәлікпен не тұрғылықты жері бойынша, уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тiркеусіз тұруы) және ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабымен (Қоғамдық орындарда заттарды өзгеше тәсілмен сатып алу, сату, айырбастау немесе иемдену мақсатында кәсіпкерлік субъектісі болып табылмайтын адам жасаған, сондай-ақ бал ашу, қайыршылық, сексуалдық сипатта қызметтер көрсету не өзге де қызметтер көрсетуді күштеп таңу мақсатында тиісу, яғни мазалап өтініш білдіру) әкімшілік жауапкершіліктерге тартылды.

Сондай-ақ пәтерді жалға беру дерегінің заңдылығын тексеру мақсатында мәліметтер Атырау қаласының Мемлекеттік кірістер басқармасына жолданатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру