Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында ауыл тұрғынынан аңшы мылтығы тәркіленді

Қызылорда облысында ауыл тұрғынынан заңсыз сақталған аңшы мылтығы тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Қазалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері рейдтік іс-шара барысында ауыл тұрғынынан тіркелмеген мылтықты тәркіледі.

11 сәуірде «Қару» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында полиция қызметкерлері Кәукей ауылының тұрғыны үйінде ІІО-да тіркеуде жоқ екі ұңғылы, 12 калибрлі аңшы мылтығын заңсыз сақтағаны анықтады.

Табылған зат Қызылорда қаласы Полиция басқармасының жедел-криминалистикалық бөліміне зерттеуге жіберілді.

Аталған дерек бойынша құқық бұзушыға Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігімен (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) әкімшілік хаттама рәсімделіп, жинақталған құжаттар аудандық сотқа жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру