Қызылорда облысында бір күнде 351 құқық бұзушылық тіркелді
Қызылорда облысында полицейлер бір күнде 351 құқық бұзушылықты тіркеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері күшейтілген тәртіпте қызмет атқаруда.
Тәулікте 9 қылмыстың беті ашылды. Аралда, Қармақшыда және Шиеліде тегіс ұңғылы атыс қаруды заңсыз алып жүрудің 3 дерегі анықталды. Профилактикалық есепте тұратын барлығы 328 адам, жалға берілетін 31 пәтер тексерілді.
Полицейлермен жүргізілген іс-шараның бір күнінде 351 әкімшілік құқық бұзушылық дерегі анықталды, оның ішінде спирттік ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келу дерегі бойынша – 21, көлiк құралын басқару құқығынан айрылған жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы – 3, ұсақ бұзақылық – 20, кәмелетке толмаған заңды өкілінсіз түнгі уақытта жүру – 23, автокөлікті масаң күйінде басқару – 5, жолдың қарсы бағытына шығу бойынша – екі құқық бұзушылық анықталып, тиісті шаралар көрілді.