Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте Түркістан облысының тұрғыны танысын 1,3 млн теңгеге алдап кетті

Шымкентте Түркістан облысының тұрғыны танысын 1,3 млн. теңгеге алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласының Абай ауданы Полиция басқармасына Түркістан облысының тұрғыны арызданған. Оның айтуынша, өзінің алыс танысы ағасының қалалық әкімдікте жұмыс істейтінін айтып, көпқабатты үйден мемлекеттік бағдарлама арқылы аз мерімде пәтер алып беремін деп сендірген. Осылайша, жәбірленушінің 1,3 млн. теңгесін алаяқтық жолмен иемденіп алған.

Аталған деректі полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) тіркеп, жедел-іздестіру шараларына кірісті.

Абай АПБ Криминалды полиция бөлімі қызметкерлері атқарған жедел-іздестіру іс-шарасының нәтижесінде, алаяқтық жасаған азамат ұсталып, басқармаға жеткізілді. Ол жұмыссыз жүрген, осындай алаяқтық жайтына қатысы бар 31 жастағы Түркістан облысының тұрғыны болып шықты.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру