Ақтөбеде жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып, қашып кетті
Ақтөбеде жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып, қашып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 6 желтоқсанында Ақтөбе қаласында ВАЗ-21099 автокөлігінің жүргізушісі М.Мәметова көшесінде 24 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті.
Жол апатынан кейін аталған көліктің жүргізушісі қашып кеткен.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 32 жастағы жүргізушіні ұстады.
Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес жүргізуші көлікті жеңіл дәрежедегі мас күйінде басқарған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші Ақтөбе қалалық медициналық жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды.
Аталған факті негізінде ҚР ҚК-нің 345-бабы 1-бөлігі 1-бөлігі (КО басқарушыларының мас күйінде ЖҚЕ бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті жүргізушілерден жол-көлік оқиғаларына жол бермей, жолда өте мұқият болуды және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.