Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылда ЖҚЕ бұзудың 2 мыңнан астам дерегі тіркелді

Жамбылда жол қозғалысы ережелерін бұзудың 2 мыңнан астам дерегі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында облыс аумағында 3 желтоқсаннан бастап “Қауіпсіз жол” жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі.

– Тәулік ішінде тәртіп сақшылары көлікті мас күйінде басқарған 6 жүргізушіні анықтады. “Қауіпсіз жол” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Жуалы ауданының Бәйтерек ауылында 60 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындығы Mercedes-Benz 190 маркалы автокөлікті тоқтатты. Тексеру барысында полицейлер ер адамның көлікті мас күйінде басқарғанын анықтады. Тәртіп бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік айыптұраққа қойылды. Осыған ұқсас құқық бұзушылық Сарысу, Меркі, Мойынқұм және Талас аудандарында да орын алды. Енді жүргізушілер қамауға алу және көлік құралын басқару құқығынан 7 жылға айыру түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылады, – деді Жамбыл облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Рахымберді Әшкеев.

Жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері 2 322 әкімшілік құқық бұзушылық дерегін тіркеді.

Оның ішінде:
– техникалық байқаудан өтпеген КҚ басқару – 151;
– көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонды пайдалану – 205;
– қауіпсіздік белдігі бекітілмеген – 282;
– маневр жасау ережелерін бұзу – 170;
– қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу – 3;
– бағдаршамның тыйым салатын белгісінен өту – 60;
– жаяу жүргіншілерге басымдылық бермеу – 49;
– апатты жағдай жасау – 27;
– көлік құралын мас күйінде басқару – 17;
– КҚ басқару құқығы жоқ құжаттарсыз басқару – 133;
– жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін бұзуы – 429.

Барлығы 76 көлік айып тұрағына қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру