Қызылорда облысында блок-бекеттерден өтпек болған жолаушылардан есірткі табылды
Қызылорда облысында блок-бекеттерден өтпек болған жолаушылардан есірткі табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
17 қаңтар күні қала аумағындағы Қызылорда-Жезқазған тас жолының 12 шақырымында орналасқан №2 блок-бекетінде автобус тоқтатылып, қала тұрғынын тексеру барысында күртешенің қалтасынан темекі қорабына салынған сегіз грамнан аса «марихуана» есірткі заты анықталды.
Бұдан бөлек, №1 блок-бекетінде жеңіл автокөлікті тоқтатып, қала тұрғынын тексеру барысында сөмкесінің ішінен қағазға оралған бір грамнан аса «марихуана» анықталды.
Аталған екі дерек бойынша да Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігімен (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.