Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында блок-бекеттерден өтпек болған жолаушылардан есірткі табылды

Қызылорда облысында блок-бекеттерден өтпек болған жолаушылардан есірткі табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 қаңтар күні қала аумағындағы Қызылорда-Жезқазған тас жолының 12 шақырымында орналасқан №2 блок-бекетінде автобус тоқтатылып, қала тұрғынын тексеру барысында күртешенің қалтасынан темекі қорабына салынған сегіз грамнан аса “марихуана” есірткі заты анықталды.

Бұдан бөлек, №1 блок-бекетінде жеңіл автокөлікті тоқтатып, қала тұрғынын тексеру барысында сөмкесінің ішінен қағазға оралған бір грамнан аса “марихуана” анықталды.

Аталған екі дерек бойынша да Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігімен (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру