Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейде сауда өкілі жұмыс орнындағы қаражатты жымқырған

Семейде сауда өкілі жұмыс орнындағы қаражатты жымқырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылғы желтоқсан айының соңында Семей қалалық ПБ Затон полиция бөлімінің кезекші бөліміне 13-22 желтоқсан аралығында қалада орналасқан ЖШС бірінің қызметкері өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, шамамен 2 097 933 теңге сомасында ақша қаражатын талан-таражға салу туралы ақпарат келіп түсті.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері 39 күдікті әйелді ұстаған, одан жауап алу кезінде өз кінәсін мойындаған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 189-бабы 2-бөлігі (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру