Қызылорда облысында «Браконьер» ЖПІШ өтіп жатыр
Қызылордалық полицейлермен «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында заңнамаларын бұзудың 18 дерегі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
1 қазан мен 1 қараша аралығында облыс көлемінде «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.
Іс-шараның басты мақсаты – табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтарды, биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға және жолын кесуге, экологиялық қылмыстарды ашуға бағытталған.
Жүргізілген рейдтік шаралардың барысында полицейлермен 11 күнде табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 18 дерегі анықталған – 2 қылмыстық іс және 16 әкімшілік құқық бұзушылық.
Оның ішінде заңсыз балық аулау бойынша 16 әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұлдар салынды.