Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Биыл Ақтөбе облысында 80 мыңнан астам заң бұзушылықтың жолы кесілді

Ақтөбе облысының полицейлері жыл басынан бері жол қозғалысы ережелеріне қатысты 80 мыңнан астам заң бұзушылықтың жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы жылдың 9 айында Ақтөбе облысының аумағында 375 жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 66 адам қаза тауып, 481 адам түрлі дене жарақатын алды.

ЖКО-ның негізгі түрлері – қозғалыс жылдамдығын арттыру, жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту ережелерін бұзу, қарсы қозғалыс жолағына шығу.

Полиция қызметкерлері жыл басынан бері жол қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін ҚР жол қозғалысы ережелерін 82 884 заң бұзушылықтың жолын кесті, оның ішінде жылдамдық режимін 8410 бұзушылық, қарсы жолаққа шығудың 815 фактісі, көлік құралдарын мас күйінде басқарудың 988 фактісі, қозғалыс кезінде жаяу жүргіншілерге артықшылық ұсынбаудың 2888 фактісі анықталып, 8424 жаяу жүргінші ҚР ЖҚЕ бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жол-көлік оқиғаларының санын азайтудың ең тиімді шаралары – халықпен ақпараттық жұмыс және жол қозғалысы ережелерінің сақталуына патрульдік полицияның қадағалауын күшейту. Полициямен “Қауіпсіз жол”, “Автобус”, “Назар аударыңыз – жаяу жүргінші”, “Мас жүргізуші-қылмыскер” сияқты жедел-профилактикалық іс-шаралар мен акциялар тұрақты негізде өткізіледі.

ЖКО профилактикасы бойынша жүргізіліп жатқан бірқатар іс-шараларға қарамастан, балалардың қатысуымен болған ЖКО-ның 15,2%-ға (78-ден 92-ге дейін), қаза тапқандардың 10%-ға (9-дан 10-ға дейін) және жараланғандардың 14,2%-ға (91-ден 106-ға дейін) өсуі тіркелді.

Кәмелетке толмағандармен болған ЖКО-да қаза тапқандар санының өсуіне қала сыртындағы трассаларда болған ауыр зардапты 3 жол апатында 7 баланың қаза табуы себеп болды.

Балалардың қатысуымен болған ЖКО талдау нәтижесі олардың тасымалдау ережелерін бұзу және белгіленген жылдамдықты асыру себебінен болғанын көрсетті, осыған байланысты көше-жол желісінің жай-күйін жақсарту және жылдамдық өлшегіш функциясы бар автоматты тіркеу жүйелері санын арттыру қажет.

Ақтөбе облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Ардана Саймағамбетовтің айтуынша, ЖКО санын азайту үшін шын мәнінде кешенді тәсіл қолданылуы тиіс. Ұсынылып отырған шаралардың қатарына инженер-жобалаушыларды қайта даярлау, жол қозғалысының осал қатысушыларының қауіпсіздігі тұрғысынан кез келген жол-көлік жобаларына қосымша аудит жүргізу, қала көшелерінің адам көп жиналатын барлық учаскелерінде қозғалыс жылдамдығын шектеу, рульде ішімдік ішуге мүлдем төзбеушілік, ЖКО себептеріне тұрақты талдау жүргізу жатады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру