Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматылық тұрғын ұлының өлімін ашқан полицейлерге алғыс айтты

Алматылық тұрғын ұлының өлімін ашқан полицейлерге алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Зейнеткер Алматы қалалық полиция департаменті басшылығының атына жазған хатында ризашылығын білдірді.

– Мен Әуезов аудандық полиция басқармасының қызметкерлеріне, атап айтқанда, тергеуші Төлендин Арнұрға және ПД криминалдық полиция қызметкері Кеншінбаев Құмарбекке ұлымның өлімін тергеудегі кәсібилігі, табандылығы және адалдығы үшін үлкен алғысымды білдіремін. Ауыр қылмыстың бетін ашуға атсалысқан полиция қызметкерлері үйлесімді әрі нәтижелі жұмыс атқарды. Басшылықтың нақты нұсқаулары мен бағыныштылардың келісілген әрекеттері табысты нәтижеге әкелді. Қылмыскер ұсталды, қылмыскерді айыптайтын айғақтар жинақталып, толық қамтамасыз етілді. Қылмыскер жауапқа тартылды, енді ол лайықты жазасын алады, ол ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды. Құрметті Арыстанғани Расилханұлы! Сізге және сіздің ұжымыңызға ауыр және жауапты жұмыстарыңыз үшін, қызметкерлеріңіздің ар-намысы мен ар-ожданы үшін рахмет. Барлық полиция қызметкерлеріне зор денсаулық, қажымас қайрат, бақыт және қажырлы еңбектеріңізге зор табыс тілеймін, – деді хат авторы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру