Қызылорда облысында көліктен есірткі мен қару-жарақ табылды
Автокөліктен екі келіге жуық есірткі, шолақ мылтық және патрондар алынды. Екі күдікті азамат қамалды, – деп хабарлайды Polisia.kz
“Қарасора” іс-шарасына жұмылдырылған Қызылорда облысы ПД-ның Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен Сырдария ауданы Н.Ильясов ауылы тұсында Шымкент – Самара тас жолының 1756-шақырымында жол ережесін бұзған Lada автокөлігі тоқтатылды.
Тексеру барысында көліктен 1 ұңғылы, 12-калибрлі, МР-155 шолақ мылтық, 4 патрон және пакеттерге салынған жасыл түсті зат анықталып, айғақ зат ретінде алынды. Сараптама қорытындысымен алынған өсімдік зат екі келіге жуық кептірілген марихуана екендігі нақтыланды.
Автокөлікті тізгіндеген 27 жастағы жүргізуші және 30 жастағы жолаушысы Қызылорда облысының тұрғындары болып шықты. Күдіктілер УҰИ қамалды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігімен (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.