Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда жүргізуші жол белгісін қағып, ЖКО орнынан “ізін суытқан”

Петропавлда жүргізуші жол белгісін қағып, ЖКО орнынан “ізін суытқан”, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 қыркүйек сағат 01:00 – шамасында Петропавл қ.Н. Назарбаев-Ғ. Мүсірепов көшелерінің қиылысында Hyundai Sonata және Škoda Octavia автокөліктері арасында қақтығыс болды. Соқтығысу орнында Hyundai Sonata автокөлігімен жол белгісі бүлінген. Бұл көліктің жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан қаланың медициналық мекемелерінің біріне 24 жастағы Škoda Octavia жолаушысы жеткізілді; ауруханаға жатқызудан бас тартты.

ЖКО фактісі бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 611-бабының 2-бөлігі “Жүргізушінің жол-көлік оқиғасына байланысты міндеттерді орындамауы” бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды. Қазіргі уақытта ЖКО жасауға қатысы бар адамды анықтауға бағытталған іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру