Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматылық есірткі қылмысына қарсы күресушілерге білім беру тренингін ІІМ-нің өкілі өткізді

Алматылық есірткі қылмысына қарсы күресушілерге білім беру тренингін ҚР ІІМ-нің өкілі өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тақырыбы: “Жастар арасында синтетикалық есірткінің таралуының алдын алу. Баяндамашы – ҚР ІІМ ЕҚКД профилактика және ведомствоаралық үйлестіру басқармасының бастығы Бақытжан Әмірханов.

Семинарға сондай-ақ, ҚР ДСМ Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-тәжірибелік орталығы мен ҮЕҰ өкілдері қатысты.
Нашақорлық пен есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес – жұмыс кеңесінің басты тақырыбы болды. Сондай-ақ нашақорлықтың алдын алу және психоактивті заттарды тұтынудың жағымсыз салдарының адам ағзасына әсері туралы мәселелер қозғалды.

– Барлығы 60 полиция қызметкері, дәрігерлер және қоғам өкілдері оқу курсын өтті. Семинар соңында қатысушылар сертификаттарға ие болды. Аталған тренингтің мақсаты – нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күреске бағытталған іс-шараларды үйлестірудегі аймақтық ведомствоаралық штабтардың тиімділігін арттыру. Айта кету керек, мұндай кездесулер мен семинарлар тұрақты түрде өткізіліп, оң нәтиже беруде, – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру