Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында жол апатынан үш адам көз жұмды

Жетісу облысында жол апатынан үш адам көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Жол апаты 24 қыркүйек күні таңертең Сарқан ауданы, Алмалы ауылының маңында Toyota Hilux автокөлігінің қатысуымен болды.

Автокөлік тізгінінде 38 жастағы ер адам болған, ол Алматы – Өскемен автожолының 427-шақырымында көлікті басқара алмай оның аударылып кетуіне жол берген. Оқиға орнында үш адам қаза тапты. Жүргізушінің өзі және 48 жастағы жолаушы әртүрлі дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жатқызылды.

Қажетті сараптамаларды тағайындаумен аталған ЖКО ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру