Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында мал ұрлығының тіркелуі 45%-ға азайды

Қызылорда облысында мал ұрлығының тіркелуі 45%-ға азайды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР ІІМ-нің нұсқауына сәйкес 27-29 қараша аралығында облыс аумағында мал ұрлығының алдын алу мақсатында жергілікті атқарушы органдармен бірлескен ЖПІШ өткізілді. Жүргізіліп жатқан рейдтік іс-шаралар барысында құжаттсыз мал тасымалдаған 9 тұлға анықталып, ӘҚБтК-нің 406-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзған 25 мал иесіне ӘҚБтК-нің 408-бабымен әкімшілік шара көрілді.

Профилактикалық іс-шара өз нәтижесін берді. Бүгінгі күнде облыс аумағында мал ұрлығының тіркелуі 45%-ға азайып, ашылу көрсеткіші 30%-ға жақсарған.

– Құрметті облыс тұрғындары мал ұрлығының басым бөлігі немесе 70%-ы қараусыз өрісте болады. Сол себепті малдың еркін жайылыуына жол бермей, бақташы жалдауды немесе кезекпен бақтыруды ұсынамыз. Сонымен қатар меншігіңіздегі малды құжаттандыруды ұсынамыз, себебі төрт түлікті паспорттау, таңбалау және JPS құрылғыларын орнату, іздестіру жұмыстарын жеңілдетеді, – дейді полицейлер.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру