Қызылорда облысында орын алған жол-көлік оқиғасынан екі адам қаза тапты
Қызылорда облысында орын алған жол-көлік оқиғасынан екі адам қаза тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz
Тамыз айының 23 күні сағат 16-00 шамасында Самара – Шымкент тас жолының Қармақшы ауданы, Төребай би ауылының тұсында Volkswagen Transporter автокөлігімен қарсы бағытта келе жатқан Audi автокөлігі соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Audi автокөлігінің екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Екі автокөліктің екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді.
Орын алған дерек Қазақстан Республикасы ҚК-дің 345-бабының 4-бөлігімен СДТТБТ-ға тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.
Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережесін қатаң сақтауды, белгіленбеген жылдамдықты шамадан тыс асырмауды, қарсы қозғалыс жолағына шықпауды ескертеді.