Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда ЖҚЕ бұзған жүргізуші жолаушылар орнына ауысып алған

Таразда ЖҚЕ бұзған жүргізуші жолаушылар орнына ауысып алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қаласы Патрульдік полиция батальоны қызметкерлерімен қала аумағында түнгі мезгілде арнайы рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.

Әкімшілік аумақты патрульдеу барысында жол ережін бұзған ВАЗ-2114 автокөлігі тоқтатылған болатын. Полиция қызметкері автокөлік жанына келгенше көлік жүргізушісі жолаушылар отыратын орындыққа аттап өтіп, көлік жүргізушінің қайда екендігін білмейтіндігін, өзі жүргізбегендігін айтқан.

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен тексеріс жүргізу барысында жүргізушінің масаң күйде болғандығы анықталды. Ол ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, соттың шешімімен 15 тәулікке қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру