Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында полиция профилактикалық іс-шара өткізді

“Заң мен тәртіп” қағидаты аясында балалардың терезеден құлауының алдын алу бойынша профилактикалық іс-шара өткізілді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

“Заң мен тәртіп” қағидатын іске асыру аясында Қызылорда облысы полиция департаменті, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері және қоғам белсенділері мен блогерлер бірлесіп, балалардың терезеден құлау оқиғаларының алдын алуға бағытталған кең ауқымды профилактикалық іс-шара өткізді.

Іс-шара барысында көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындарымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдары кеңінен насихатталды. Сондай-ақ қауіптің алдын алу мақсатында тұрғын үйлердің терезелеріне арнайы қорғаныс бекіткіштері орнатылды.

Профилактикалық іс-шара барысында ата-аналарға балаларды ешқашан қараусыз қалдырмау, жиһаздарды терезе маңына орналастырмау, терезелерге арнайы қорғаныс құрылғыларын орнату және маса торына сүйенудің қауіпті екені түсіндірілді.

Полиция мен облыстық өтенше жағдайлар департаменті ата-аналарды балалардың өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарап, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру