Қызылорда облысында пробация есебінде тұрған азаматтармен кездесу өткізілді
Пробация есебінде тұрған жастармен кездесу өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қармақшы аудандық жастар ресустық орталығында аудандық пробация қызметі мен жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен пробация қызметінің есебінде тұрған 18-29 жас аралығындағы азаматтармен кездесу өтті.
Кездесу пробация қызметінде есепте тұрған жастарды қоғамға бейімдеу, оларды жұмыспен қамту, әлеуметтік және құқықтық көмек көрсету, мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру, кәсіпкерлік дағдыларын үйрету мақсатында өткізілді.
Кездесуге аталған санаттағы 10-ға жуық жас қатысып, оларға аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің, кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің, білім бөлімінің мамандары табыс көзін табуға жәрдемдесу, қылмыстық жазасын өтеп жатқан адамдарға әлеуметтiк және өзге де көмекті ұйымдастыру бағытында кең көлемде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, түрлі бағыттағы кеңестер берді.
Шара барысында қатысушылар пікір алмасып, пробация есебінде тұрған сотталғандар көкейінде жүрген сұрақтарына жауаптар алды.