Қызылорда облысында "Қауіпсіз жол" айлығы аясында 521 құқық бұзушылық тіркелді
Қызылорда облысында "Қауіпсіз жол" айлығының екі күнінде 521 құқық бұзушылық тіркелді, - деп хабарлайды Polisia.kz
Облыс көлемінде 19 шілде мен 18 тамыз аралығында өтіп жатқан "Қауіпсіз жол" айлығы іс-шарасының алғашқы екі күнінде 521 құқық бұзушылық анықталды.
Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз, хабарлама жібермей кәсіпкерлік және өзге де қызметпен айналысудың - 3, медициналық қарап-тексеруден өтпеудің - 2, заңсыз қайта жабдықтаудың - 16, міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеген - 57, ұялы телефонмен сөйлесудің - 26, жүргізушінің көлік құралын мас күйінде басқарудың - 5, қауіпсіздік белдігін тақпаудың - 108, жаяу жүргіншіге жол бермеудің - 18, құжатсыз автокөлік басқару бойынша - 34, жаяу жүргіншілер жолағынан өтпеудің - 30, маневр жасау ережесін бұзудың - 43 дерегі анықталды.