Қызылорда облысында сотталған темір терезелерді жасайды
Қызылорда облысында сотталған темір терезелерді жасайды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тергеу изоляторының шаруашылық бөлімінде қалдырылған азамат темір терезелерді жасайды. Ол қамауда отырып-ақ, өзіне де, мекемеге де пайдасын тигізбек. Қызылорда облысындағы түзеу мекемесінің тергеу изоляторында №68 мекемесінде тұрмыстық көмек көрсету отряды жұмыс істейді. Оңды мінезді сотталғандар – сантехник, электрик, дәнекерлеушілер, шаштараздар, тәртіпшілер, гардеробшылар, тазалаушылар, асхана жұмышылары, абаттандырушылар, құрылыс, БОД (ванна және кір жуу зауыты) жұмысшылары, кір жуу машинистері болып қызмет атқарады. Соный бірі – Ш. есімді азамат. Ол Шиелі ауданының тумасы. ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі (Мал ұрлау, яғни бөтеннің малын жасырын жымқыру) бойынша бес жылға бас бостандығынан айрылған. Төрт баланың әкесі. Істі болғанға дейін тұрақты жұмысы болмаған. Бүгінде мекеменің шаруашылық бөлімінде дәнекерлеуші болып қызмет етеді.
– Мен үшін жұмыс өте маңызды. Өйткені жұмыс барысында жағымсыз ойлар мен эмоциялардан алшақтап, ең бастысы өзіме де, қоғамға да пайдалы уақыт өткіземін. Бүгін дәнекерлеу жұмыстарын аяқтадым. Атқарылған жұмыстың нәтижесін көру қандай жақсы. Мен өз жұмысымды жақсы көремін. Сүйікті ісіммен айналысу маған шығарашылық күш пен бостаныққа шығуға үміт сыйлайды, – деді сотталған.