Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да былтыр есірткіге қатысты 242 құқық бұзушылық анықталды

СҚО-да Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының полицейлері бір жылдағы жұмысы туралы әлеуметтік желілер эфирінде есеп берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері өткен жылғы жұмысты қорытындылады. Нәтижелері мен жоспарлары туралы есірткі күресушілері танымал әлеуметтік желілердегі қызметтік аккаунттарда тікелей эфир барысында хабардар етті.

“Рефлекс”, “Паутина”, “Дәрмек”, “Транзит”, “Қарасора” – жыл бойы полицейлер бірқатар жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізді. Жедел-іздестіру қызметімен қатар полицейлер, еріктілермен, педагогтармен және дәрігерлермен бірлесіп 600-ге жуық профилактикалық іс-шаралар жүргізді, іс-шараларды өткізу барысында 55 мыңнан астам адам қамтылды.

СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Иван Терзидидің айтуынша, 2022 жылдың 12 айында 242 есірткі құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 121 теріс қылық және 121 қылмыс, оның ішінде 18 есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде сақтау фактісі, 12 контрабанда фактісі және 90 есірткі заттарын өткізу фактісі. Заңсыз айналымнан 425 келіден астам түрлі есірткі, оның ішінде 3,5 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді. Статистикаға сәйкес СҚО-да 499 нашақор есепке алынған, оның біреуі кәмелетке толмаған. 139 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Эфир барысында облыстық және қалалық бейінді бөлімшелердің басшылары, СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы И. Терзиди мен  Петропавл қаласы ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы Жангелді Әпенов желі қолданушыларының сұрақтарына жауап берді. Пайдаланушыларды анонимді сенім телефондарының нөмірлері, тәркіленген есірткінің ең үлкен партиясы, насвай затының мәртебесі және т.б. қызықтырды. Барлық сұрақтарға толық жауап берілді.

Петропавл қаласы ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы атап өткендей, есірткі күресшілері еріктілермен бірлесіп әлеуметтік желілерге үнемі мониторинг жүргізіп отырады, дегенмен полицейлер бей-жай қарамайтын барлық желі қолданушыларын Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының ресми аккаунттарына жеке хабарламаларына сілтемелер мен скриншоттарды жіберуге шақырады. Полицейлер атап өткендей, есірткі таратқаны үшін жаза күшейтілген. Бүгінгі таңда есірткіні сатқаны үшін 10 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру мерзімі көзделген.

Эфир соңында полицейлер балалардың ата-аналарынан балаларының телефондарын тексеруді, олармен ашық сөйлесуді және нашақорлық мәселесі туралы айтудан қорықпауға шақырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру