Қызылорда облысында сотталғандарға тың серпін берген тренинг өткізілді
Қызылорда облысында сотталғандарға тың серпін берген тренинг өткізілді, – деп хабарлайды Polisa.kz.
Қылмыстық атқару саласына қарасты Қызылорда қаласындағы №68 мемлекеттік мекемесінің аға психологы Айзат Мырзалы ұйымдастыруымен шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталғандар арасында «Мен басқаның көзімен кіммін» деген тақырыпта тренинг өтті.
Тренингке ҚАЖ департаментіне қарасты №37 мекемесінің тәжірибиелі психологы А.Аманова мен №60 мекеме психологы Ш.Кульбаева қатысып, жазасын өтеуші азаматтарға психологиялық жаттығулар жүргізіп, сауалдарына жауап берді.
Аталған шараның негізгі мақсаты – жазасын өтеушіні өмір сүруге талпындыру, бақытты болу үшін өзін- өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелеу болып табылады.
Тренинг барысында алдымен ойын ұйымдастырылды. Ойында қатысушы сотталғандар бір-бірінен ой, қиял жүйріктігі, ойлап тапқыштығы жағынан ерекшеленіп көзге түсті . Қамаудағылар іс- шараға қызыға қатысып, белсенділік танытты.
Тренинг кезінде қатысушылар бір-бірден ортаға шығып, қалғандары ол жайлы пікірлерімен бөлісті. Өзгелердің сипаттауына сүйене отырып, өзінің жақы қасиеттерін біліп, өзін жаңа қырынан тануға мүмкіндік берді.
– Бұл олардың бойында «мен» концепциясын оятып, өзін-өзі бағалауына жетелейді. Өздері туралы өзгелерден жақсы сөз естіген сотталғандар көңілденіп, алдағы өмірлеріне позитивті көзқараспен қарап, бостандыққа деген сенімділіктері артты – деді Айзат Мырзалы.
Жазасын өтеуші азаматтар тренинг соңында, бүгінгі күннен алған әсерлерімен бөлісіп, бір-бірлеріне деген жылы лебіздерін білдірді.