Қызылорда облысында түнгі уақытта көшеде жүрген жасөспірімдердің ата-анасы жауапқа тартылды
Қызылорда облысында түнгі уақытта көшеде жүрген жасөспірімдердің ата-анасы жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысының департамент бастығының бірінші орынбасары Ермахан Абдраманов ІІМ өкілдерімен бірлесіп көше мен қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ететін бөлініс қызметкерлері үшін саптық жиын өткізді.
“Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында көшеде, қоғамдық орындарда, жол қауіпсіздігін және жасөспірімдермен жасалатын құқық бұзушылықтың алдын алу, заңдылықты қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмаларды жеткізді.
Рейд барысында 79 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта жүргені үшін 71 ата-анаға ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы бойынша әкімшілік шара көрілді және ата-ананың мiндеттерін орындамаған үшін 1 жасөспірімнің ата-анасына ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша әкімшілік шара көрілді.
Сонымен қатар 1 ойын сауық-мекеме иелеріне қатысты кәмелетке толмағандардың болуына жол бергені үшін шара көрілді. Бұл бағыттағы жұмыстар күнделікті жүргізіледі. Негізгі мақсат – жастар мен жасөпірімдер арасындағы қылмыстың, топтық төбелестердің алдын алу және кәмелетке толмағандарға қарсы жасалатын оқыс оқиғаларды болдырмау.