Қызылорда облысында ЖҚЕ бұзған 151 автокөлік айыптұраққа қойылды
Қызылорда облысында ЖҚЕ бұзған 151 автокөлік айыптұраққа қойылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыс аумағында бір аптада жол қозғалысы ережесін бұзудың барлығы - 1 749 дерегі анықталды.
Оның ішінде көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулары бар көлiк құралдарын басқарудың - 69 дерегі, жалған және қолдан жасалған мемлекеттік белгі тағып көлік құралын басқарудың алты, ұялы телефонмен сөйлесудің - 91, белгіленген жылдамдық мөлшерін арттырудың - 218, қауіпсіздік белдігін пайдалану ережесін бұзудың - 336, бағдаршамның тыйым салынған түсінен өтудің - 24, жаяу жүргіншіге жол бермеудің - 57, көлік құралының қараңғы мезгілінде сыртқы жарықтандыру құрылғыларын пайдалану қағидасын бұзудың - 75, соқтығысу сәтін туғызудың - 19, алкогольді масаң күйде көлік құралын басқарудың - 17, құжатсыз көлік құралын басқарудың - 64, жаяу жүргеншілердің және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларының талаптарын орындамаудың - 89, жолаушылар тасымалдау қағидаларының талаптарын бұзудың - 12 деректері анықталды.

151 автокөлік айып тұрағына қойылып, 76 автокөліктің қозғалысын шектеу мақсатында мемлекеттік тіркеу нөмір белгілері алынған.