Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында ЖҚЕ бұзған 151 автокөлік айыптұраққа қойылды

Қызылорда облысында ЖҚЕ бұзған 151 автокөлік айыптұраққа қойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыс аумағында бір аптада жол қозғалысы ережесін бұзудың барлығы – 1 749 дерегі анықталды.
Оның ішінде көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулары бар көлiк құралдарын басқарудың – 69 дерегі, жалған және қолдан жасалған мемлекеттік белгі тағып көлік құралын басқарудың алты, ұялы телефонмен сөйлесудің – 91, белгіленген жылдамдық мөлшерін арттырудың – 218, қауіпсіздік белдігін пайдалану ережесін бұзудың – 336, бағдаршамның тыйым салынған түсінен өтудің – 24, жаяу жүргіншіге жол бермеудің – 57, көлік құралының қараңғы мезгілінде сыртқы жарықтандыру құрылғыларын пайдалану қағидасын бұзудың – 75, соқтығысу сәтін туғызудың – 19, алкогольді масаң күйде көлік құралын басқарудың – 17, құжатсыз көлік құралын басқарудың – 64, жаяу жүргеншілердің және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларының талаптарын орындамаудың – 89, жолаушылар тасымалдау қағидаларының талаптарын бұзудың – 12 деректері анықталды.
151 автокөлік айып тұрағына қойылып, 76 автокөліктің қозғалысын шектеу мақсатында мемлекеттік тіркеу нөмір белгілері алынған.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру