Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО бойынша ҚАЖД қызметкерлері сотталғанға зейнетақы рәсімдеуге көмектесті

ШҚО бойынша ҚАЖД қызметкерлері сотталғанға зейнетақы рәсімдеуге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ 156/6 қатаң тәртіптегі мекемесінің тылдық қамтамасыз ету бөлімінің қызметкерлері зейнет жасына жеткен сотталғанға зейнетақыны ресімдеуге көмектесті.

Сотталғандар қарттық, мүгедектік, асыраушысынан айырылу бойынша зейнетақымен қамсыздандырудың барлық түрлеріне құқылы. Ең жоғары қауіпсіздік мекемесінде, бас бостандығынан айыру орындарында бола отырып, қазіргі уақытта 15 сотталған зейнетақы алады. Әкімшілік сотталғандардың зейнетақысынан ұстап қалуды, оның ішінде оларды ұстау жөніндегі шығыстарды өтеу үшін, сондай-ақ атқару құжаттары бойынша жүргізуге құқылы.

Сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімінің аға инспекторының айтуынша, бас бостандығынан айыру орындарындағы және зейнеткерлік жасқа жеткен адамдарға зейнетақы тағайындау үшін мекеме әкімшілігіне өтініш беру керек, ол қажетті құжаттарды Зейнетақы қорына жібереді. Құқығы болған жағдайда зейнетақы тағайындалады және сотталушының арнайы шотына аударылады.

Мысалы, Матвей атаның (аты өзгертілген) ешбір туысы жоқ. Осындай бірнеше қылмыс жасап, өмірлерін түзеу мекемесінде өткізген сотталған үшін түзеу мекемесі олардың үйлеріндей болып кеткен. Мұнда оларға кезектен тыс шаштараз қызметі, медициналық бөлімге кезексіз, тегін киім кешек, тамақ, жатар орын және тағы барлық жағынан көмек көрсетіледі.

Жақында ол мекеме әкімшілігіне жасына байланысты зейнетақы алуға көмектесу үшін өтініш берді.

– Мен мекеме әкімшілігіне зейнетке шығуымды рәсімдеуге көмектескендеріне өте ризамын, мен алғашқы зейнетақымды алдым және дүкеннен сабын, жуғыш заттар, өнімдер мен керек – жарақтарымды сатып алдым, – дейді сотталған.

Еске сала кетсек, Қазақстанда әйелдер үшін зейнетақы жасы кезекті рет жоғарылаған – 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап ол 60 жасты құрайды. Қазақстандық ерлер зейнетке 63 жасында шығады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру