Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында жыл басынан бері мас күйде көлік тізгіндеген 110 жүргізуші ұсталды

Қызылорда облысында жыл басынан бері мас күйде көлік тізгіндеген 110 жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мас күйінде көлік жүргізген жүргізуші үшін жаза күшейтілсе де, ішімдік ішіп, рөлге отыратындар азаймай отыр. Мас жүргізуші – айналасына қауіп төндіретін қылмыскер. Заңға бағынбай, өзгенің де, өзінің де өміріне бей-жай қарайтын жауапсыз жүргізушілер қатаң жазаға тартылады.

Қызылорда облысында жыл басынан бері 110 жүргізуші мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталып, тиісті жауапкершілікке тартылды.

Заң бұзушыларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылып, масаң күйде көлік басқарғаны үшін 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыру және 15 тәулікке қамауға алу жазасы қарастырылған.

Ал жүргізуші куәлігі жоқ адамның мас күйінде көлік басқаруы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 346-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеледі.

Әрбір азамат алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде көлік басқаруға тыйым салынғанын білуі және бұл талаптардың қатаң сақталуын қамтамасыз етуі тиіс. Мас күйінде көлік жүргізу – тек заң бұзу ғана емес, адам өміріне төнген үлкен қауіп.

Жол қозғалысына қатысушы әрбір адам, әсіресе жүргізуші, өз өміріне ғана емес, жолдағы өзге адамдардың да қауіпсіздігіне жауапты екенін түсінуі керек. Сол себепті жол ережелерін қатаң сақтап, жүргізуші мәдениетін қалыптастыру – баршаға ортақ міндет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру