Қызылорда облысының бас полицейі жеке құрамға жаңа орынбасарын таныстырды
Қызылорда облысы бойынша ПД бастығының орынбасары қызметіне Досжанов Амангелді Асқарұлы тағайындалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгін Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы Мұхтар Қожабаев жеке құрамға жаңадан тағайындалған тергеу жөніндегі орынбасарын таныстырды.
ҚР ішкі істер министрінің бұйрығымен Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының орынбасары қызметіне полиция полковнигі Досжанов Амангелді Асқарұлы тағайындалды. Досжанов Амангелді Асқарұлы ҚР ІІМ-нің Алматы қаласы жоғары мектебін тәмамдаған. Еңбек жолын тергеу саласынан бастаған.
Маңғыстау облысы ІІД Маңғыстау ауданының ІІБ бастығы, Мұнайлы ауданының ІІБ бастығы, Жаңаөзен қаласының ІІБ бастығы қызметін атқарды. 2018 жылдан бастап жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Маңғыстау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарды.
Қызылорда облысының бас полицейі жаңа орынбасарға табысты әрі жемісті жұмыс тіледі.