Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері демалыс күндері қалай өткенін айтып берді

Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінде Наурыз мейрамын мерекелеу күндері қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар қорытындыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Үш демалыс күнінде “102” арнасына 1100-ден астам телефон хабарламасы келіп түсті. Полицияға телефон қоңырауларының басым бөлігі кешке және түн уақытында келіп түскен: сағат 18:00-ден 00:00-ге дейін және 00:00-ден 03:00-ге дейін. 200 қоңырауға полицияның жедел әрекеті қажет болды. Ұрлық дерегімен – 9, дене жарақаты – 19, отбасылық жанжалдар – 15, сондай-ақ түнгі уақытта тыныштықты бұзу фактісі бойынша 12 хабарлама қабылданды.


Күн сайын қоғамдық тәртіпті сақтауға Ұлттық ұланның 200-ден астам әскери қызметшісі мен полицей қатысты. Олар көшелер мен қоғамдық орындарды жаяу және автокөлікпен патрульдеуді жүзеге асырды. Қалалық полиция жедел басқару орталығының қызметкерлері жеке жоспар бойынша қызмет атқарды. Орталықтың қиылыстарда, көшелер мен алаңдарда орнатылған бейнекамераларын пайдалана отырып, мереке күндері 120 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді, оның ішінде әртүрлі жол қозғалысы ережелерін бұзу бойынша 49 дерек анықталған.

Жалпы, мереке күндері облыстағы жағдай тұрақты болған, резонанстық қылмыстар мен оқиғалар тіркелген жоқ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру