Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары тағайындалды

Маңғыстау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары тағайындалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР ішкі істер министрінің бұйрығымен полиция полковнигі Байгелді Байжан Исембекұлы ротация негізінде Маңғыстау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Байжан Исембекұлы 1974 жылы Жамбыл облысы Ерназар ауылында дүниеге келген. Ол 1995 жылы Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Ішкі істер органдарындағы қызметін 1996 жылы Жамбыл қаласы прокуратурасының тергеуінен бастаған, ол әртүрлі басшылық лауазымдарда қызмет атқарған. 2005 жылы Жамбыл облысы ішкі істер департаменті тергеу басқармасының бастығы лауазымына тағайындалды.

Байгелді Байжан Исембекұлы 2018 жылдан бүгінгі күнге дейін Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымында қызмет атқарған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру