Қызылорда облысының ПД бастығы азаматтарды қабылдады
Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы өзінің кезекті қабылдауын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, олардың өтініштерін қарау мәселесі қашан да маңызды. Азаматтардың өтініштерін уақтылы қарап, оңтайлы шешімін табу халықтың полицияға деген сенімін арттыратыны сөзсіз.
Осы мақсатта Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Бектөре Сұлтан азаматтарды қабылдады. Кезекті жеке қабылдау бейнеконференция арқылы онлайн форматта өтті.
Қабылдауда азаматтар тарапынан қылмыстық істер, кадр және зейнетақы мәселелері бойынша сұрақтар қойылды.
Бектөре Жеңісбайұлы азаматтардың өтініштерін мұқият тыңдап, заң аясында кеңес беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.