Қызылорда облысының ПД бастығы жеке қабылдау өткізді
Қызылорда облысының ПД бастығы жеке қабылдау өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ел қорғаны тәртіп сақшыларының қызметі халықтың сенімі арқылы өлшенеді. Халық көкейіндегі мәселелерді шешу және олардың конституциялық құқықтарының қорғалуы Полиция департаментінің басты назарында.
Азаматтарды жеке қабылдау мәселесі – полиция қызметіндегі басты бағыттардың бірі. Халықтың арыз-шағымдарын қарау барысы Полиция департаменті басшылығының қатаң бақылауында болады. Әрбір келіп түскен өтініш назардан тыс қалмайды.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Мұхтар Қожабаев бес азаматты жеке қабылдады. Олардың кадр мәселелері және қылмыстық істер аясында айтылған барлық уәждері назарға алынып, сұрақтар аясында түсіндірмелер берілді.
Департамент бастығының орынбасарына, Тергеу басқармасының, Кадр саясаты басқармасының басшыларына тиісті тапсырмалар беріліп, қылмыстық істердің тергеп-тексеруі басшы құрамның бақылауында болатындығы ескертілді. Азаматтардың әрбір өтініші бойынша тиісті тексерулер жүргізіліп, оларға міндетті түрде жазбаша түрде жауап қайтарылатын болады.