Қызылорда облысының тұрғындары 40 келі марихуана сақтағаны үшін сотталды
Қызылорда облысының тұрғындары 40 келі марихуана сақтағаны үшін 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өткен жылдың мамыр айында Луговой станциясында көлік полицейлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қызметтік-іздестіру итін қолдана отырып, Жамбыл облысының Қарасу станциясының күзетілетін өткелінде 23 жастағы жүргізушінің басқаруымен Lada-2114 автомакөлігін анықтап тоқтатады. Көлікте Қызылорда облысының 3 тұрғыны болған. Тексеру кезінде автокөліктің жүксалғышынан 3 қапшықтан өлшеп оралған өсімдік тектес зат табылып тәркіленді.
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 40 келі 380грамм кептірілмеген марихуана есірткі заты болып шықты.
Ұсталғандардың айтуынша, олар Астанадан Қызылорда облысына бара жатқан, Жамбыл облысында теміржол өткелдерінің бойында өсіп тұрған жабайы қарасораны Қызылорда облысына жеткізіп және одан әрі пайдалану үшін жинап алған.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді.
Тараз қаласының мамандандырылған сотының шешімімен күдіктілер 3,6 және 4 жылға бас бостандығынан айырылды.