Қызылорда облысының тұрғыны экстремистік бағыттағы материалдарды сақтаған
Экстремистік бағыттағы материалдарды сақтағаны үшін деструктивті діни ағымды ұстанатын облыс тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерімен жүргізілген жедел- іздестіру іс-шаралары нәтижесінде экстремистік бағыттағы материалдарды сатқан үшін деструктивті діни ағымын ұстанатын 32 жастағы Қазалы ауданының тұрғыны ұсталды. Тұрғылықты мекен-жайы бойынша экстремистік бағыттағы кітаптар тәркіленді.
Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабының 1-бөлігімен 3 тармағымен (Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру) әкімшілік хаттама толтырылып, жинақталған құжаттар сотқа жолданған.
Сот қаулысымен азаматша кінәлі деп танылып, оған 107 мың 205 теңге айыппұл салынды.