Қызылордада 5 тұрғынның 3,2 млн теңгеге жуық қаражатын алаяқтықпен иемденген азамат ұсталды
Қызылордада 5 тұрғынның 3,2 млн теңгеге жуық қаражатын алаяқтықпен иемденген азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Қызылорда қалалық полиция басқармасына бес қала тұрғыны алаяқтың құрбаны болғандығы жөнінде арызданған.
Жәбірленушілерден белгісіз азамат 2022 жылдың тамыз, қазан айларында “Қызылорда Темір жолы”АҚ-ға жұмысқа тұрғызып беремін, “Қорқыт ата атындағы университетінің дене шынықтыру кафедрасына” оқуға түсіріп беремін деп сенімге кіріп, 5 жәбірленушіден жалпы 3 миллион 196 мың теңге көлемінде ақша алған.
Басқарма қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде қала тұрғындарын сан соқтырған 35 жастағы күдікті азамат ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған деректер бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігі 4-тармағымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.