Қызылордада аспаз жұмыс орнынан 3,6 млн теңге ұрлаған
Қызылордада аспаз жұмыс орнынан 3,6 млн теңге ұрлаған, – деп хабарлайды Polisia.kz
Қызылорда қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне кафе иесі ұрлық бойынша арыз түсірді. Белгісіз біреу қызметтік кабинетіндегі сейфтен 3,6 млн теңге ақшасын ұрлап кеткен.
Басқарманың криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерінің жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 34 жастағы күдікті, осы мекеменің бас аспазы анықталып, ұсталды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп- тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.