Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының анықтаушылары жол апаты мен электронды істер туралы семинар өткізді

Түркістан облысының анықтаушылары жол апаты мен электронды істер туралы семинар өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz

Түркістан облысы Полиция департаменті Анықтау басқармасының бастығы Берік Нышанбаевтың ұйымдастыруымен ауқымды семинар-кеңесі өткізілді. Іс-шараға қалалық, аудандық полиция бөлімдерінің тергеу және анықтау құрылымдарының қызметкерлері қатысты. Сонымен қатар Түркістан облысы бойынша Сот сараптама институтының директоры Ш.Тасыбаев, ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы еспке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы бойынша басқармасы басшысының орынбасары Х.Тлеулин, Түркістан облысы прокурорының көмекші прокуроры Н.Бердикулов, Түркістан қаласы прокурорының орынбасары М.Қайролдаев, Түркістан облысы ПД Ақпараттандыру және байланыс басқармасының бастығы Б.Шамил арнайы шақырылды.


Күн тәртібінде жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс құжаттарын жинақтау кезінде орын алатын кемшіліктер мен қажетті сараптамаларды жүргізу барысында туындайтын сұрақтар қаралды. Оған қоса электронды қылмыстық істер бойынша орын алған кемшіліктер мен алдағы уақыттарда олқылықтарға жол бермеу, қызметкерлердің біліктілігін арттыру мәселелері талқыланды.

Семинарға қатысушы тергеушілер мен анықтаушылар жиында айтылған пайдалы ақпараттар мен ақыл-кеңестерге алғысын жеткізді. Сондай-ақ қызмет барысында кемшіліксіз жұмыс жүргізетіндіктерін алға тартты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру